
Атырауда пластик қалдықтарын өңдеудің — қайталама шикізат алудан бастап штапельді талшық, геотекстиль және полипропилен материалдарын шығаруға дейінгі толық өндірістік тізбегі қалыптасты.
Қалдықтарды өңдеуге және дайын өнім шығаруға «Интаго Қазақстан», «Интапласт», «Фибратекс» және «Талшықтекс» компаниялары тартылған.
Бұл тізбекте өңделген полиэтилентерефталаттан (ПЭТ) штапельді талшық өндіретін Қазақстандағы алғашқы әрі әзірге жалғыз өндіруші — «Фибратекс» кәсіпорны ерекше орын алады. Кәсіпорын жобасы «Жасыл даму» АҚ тарапынан қаржыландырылды.
Атырауда шығарылатын материалдар автомобиль жолдарын, теміржол инфрақұрылымын, әуежай нысандарын салуда және басқа да жобаларда кеңінен қолданылады.
Осылайша, пайдаланылған ПЭТ-бөтелкелер қайта өңделгеннен кейін экономикаға жаңа шикізат пен дайын өнеркәсіптік өнім ретінде қайта оралуда.
В Атырау +32.6