
Ақмола облысының Бурабай ауданында қайғылы оқиға орын алды. Байланыс мұнарасында биіктіктегі жұмыстарды орындау кезінде монтер құлап кетті, деп хабарлайды Halyqstan.
Алдын ала мәліметтер бойынша, маман 5–7 метр шамасындағы биіктікте жұмыс істеген. Бір сәтте сақтандырғыш арқан үзіліп кетіп, салдарынан ер адам жерге құлаған.
Оқиға орнына жеткен дәрігерлер зардап шегушінің бірнеше жері сынғанын анықтап, оны ауруханаға жатқызды. Монтердің нақты қай компанияға — «Қазақтелеком» АҚ-на ма, әлде ұялы байланыс операторларының біріне тиесілі екені қазіргі уақытта анықталып жатыр.
Жұмыс беруші төтенше жағдай дерегін жасырды ма?
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті бұл оқиға туралы жұмыс берушіден ешқандай хабарлама түспегенін мәлімдеді.
Мамандар тексеру жұмыстарын бастады, оның барысында мына мәселелер анықталуы тиіс:
- сақтандырғыш құралдың үзілуінің ресми себептері;
- биіктіктегі жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасының сақталуы;
- компанияның неліктен бақылаушы органдарға оқиға туралы хабарламағаны.
Тамыз айының басында Қазақстанда «Қазақтелеком» қызметкерлерінің қатысуымен адам өліміне әкеп соқтырған бірқатар төтенше оқиғалар болған еді: 4 тамызда Жамбыл облысында бағананы ауыстыру кезінде монтаждаушыны ток соғып қаза тапса, 5 тамызда Қостанай облысында жұмысшы кулап бара жатқан бағананың астында қалып көз жұмған болатын.
В Атырау +32.6