Атырау, 19 тамыз 17:15
 дождьВ Атырау +32.6
$ 460.13
€ 532.60
₽ 5.42

​Қазақстанның оңтүстігінде конго-қырым безгегін жұқтырған сегіз жағдай тіркелді

50 рет қаралды
Видеодан алынған стоп-кадр
Видеодан алынған стоп-кадр

Түркістан облысында соңғы алты айда «Конго-Қырым геморрагиялық безгегі» (КҚГБ) диагнозымен сегіз адам ауруханаға түсті. Ауырғандардың арасында Өзбекстан азаматтары да бар, деп жазады otyrar.kz.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарланғандай, мамандар 35 мыңнан астам үлгіні зерттеп, 55 кенеден қауіпті инфекция қоздырғышын анықтаған.

Түркістан облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышановтың айтуынша, көп жағдайда адамдар аула ішіндегі тұрмыстық жұмыстар кезінде вирус жұқтырған.

«Тіркелген сегіз жағдайдың алтауында вирус мал бағу және жануарлардың қасында жақын жүрген кезде жұққан. Тағы бір жағдайда өз үйінің ауласында шөп шабу кезінде адамды кене шағып алған», — деп түсіндірді Нұрбек Нышанов.

Сандәрігерлер өңірдегі үй жануарларын арнайы препараттармен дезинфекциялық өңдеуден өткізді, дегенмен табиғи ортада кенелерді толық жою мүмкін емес.

Дәрігерлер сақтық шараларын қатаң сақтауды сұрайды:

  • табиғатқа шыққанда және аулада жұмыс істегенде жабық әрі ашық түсті киім кию;
  • дене мен киімді кенелердің бар-жоғына үнемі тексеріп отыру;
  • ауыл шаруашылығы жануарларын қырқу, күту және сою кезінде абай болу.
Бүгін, 16:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.