Атырау, 19 тамыз 16:19
 дождьВ Атырау +32.6
$ 460.13
€ 532.60
₽ 5.42

​Ресейдегі құрылыста болған сұмдық өрттен кейін Қазақстан азаматы көз жұмды

45 рет қаралды

Омбыда құрылыс алаңында болған өрттен зардап шеккен екінші адам қайтыс болды.

Қаза тапқан азамат Қазақстан азаматы болған, деп хабарлайды ТАСС шұғыл қызмет орталықтарына сілтеме жасап.

Өрт 15 тамыз күні таңертең Крупская көшесі мен Архитекторлар бульварының қиылысында орналасқан құрылыс алаңында болған. Өрт соғылып жатқан ғимараттың бірінші қабатында басталып, кейін жоғарыға қарай шарпыған.

Жалпы 11 адам зардап шекті. Үш адамға медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді. Ауруханаға түскендердің бірі 16 тамызда қайтыс болды.

Кейіннен екінші жұмысшының — Қазақстан азаматының қайтыс болғаны белгілі болды. Оның денесінің 70%-ын күйік шалған.

Өрт дерегі бойынша еңбекті қорғау талаптарын бұзу бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қаза тапқан қазақстандықтың аты-жөні мен жасы әлі хабарланған жоқ.

Бүгін, 15:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.