
Атырауда әйел адам қалалық емханада болған жанжал үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Оқиға 2026 жылғы 10 тамызда сағат 20:15 шамасында болған. Сот деректеріне сәйкес, азаматша Е. басқа келушімен сөзге келіп, оның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын сөздер айтқан.
Сот әйелдің әрекеті қоғамдық тәртіп пен тыныштықты бұзғанын анықтап, кінәсін әкімшілік хаттама, куәгерлердің жауаптары және жәбірленушінің арызы арқылы дәлелдеді.
Нәтижесінде ол ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 60 550 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.
В Атырау +32.6