
«Иранды толық талқандағаннан кейін мен жақын арада Ормуз бұғазын АҚШ аумағы деп жариялаймын» – деді президент, деп хабарлайды АА.
АҚШ президенті Дональд Трамп Ормуз бұғазы «АҚШ аумағы» деп белгіленген картаны жариялады.
Трамп әлеуметтік желіде жариялаған жазбасында Ормуз бұғазын АҚШ аумағы деп жариялайтыны туралы бұрынғы мәлімдемесін еске салды.
Жазбада «АҚШ-тың жаңа аумағы» деген жазуы бар Ормуз бұғазының картасы орналастырылған.
14 тамызда өткен іс-шарада АҚШ президенті Трамп: «Иранды толық талқандағаннан кейін мен жақын арада Ормуз бұғазын АҚШ аумағы деп жариялаймын» – деп мәлімдеді. Ол АҚШ ӘТК Ормуз бұғазын толық қоршауда ұстап отырғанын айтты.
Әлеуметтік желідегі басқа жазбасында Трамп АҚШ-тың Ормуз бұғазы үстінен «толық бақылауға» ие екенін және бұл бақылауды сақтап қала алатынын мәлімдеді.
Өз кезегінде Иран ресми өкілдері бірнеше рет: бұғаз АҚШ Ормуз бұғазы ісіне араласуды және теңіз қоршауын тоқтатпайынша, сондай-ақ 17 маусымда Тегеран мен Вашингтон арасында қол қойылған келісім талаптарын орындамайынша ашылмайды деп мәлімдеді.
Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Казим Гарибабади АҚШ президенті Дональд Трамптың Ормуз бұғазын «АҚШ-тың жаңа аумағы» деп көрсеткен жазбасына жауап берді. Дипломат: «Трамптың бұғазға қатысты адасуы жақын арада түзетіледі» деді.
Гарибабади әлеуметтік желідегі парақшасында: «Трамптың Ормуз бұғазы жөніндегі адасуы жақын арада не түзетіледі, не біз бұл қиялшылдың адасуын түзетеміз» деп жазды.
Трамп Truth Social желісіндегі парақшасында Ормуз бұғазы мен Иранды, сондай-ақ Парсы шығанағы мен Оман теңізінің кейбір бөліктерін көрсеткен картаны жариялады.
Картаның жоғарғы жағында «АҚШ-тың жаңа аумақтары» деген жазу болды, ал Ормуз бұғазы дөңгелекпен белгіленген.
Гарибабадидің мәлімдемесі Трамптың жариялауынан кейін Иран тарапынан жасалған өткір пікірлердің бірі болды.
В Атырау +29.4