Атырау, 19 тамыз 13:05
 дождьВ Атырау +29.4
$ 460.13
€ 532.60
₽ 5.42

​NCOC-тың бұрынғы-топ-менеджері KMG Kashagan B.V. компаниясына қайта оралды

85 рет қаралды

Еркін Қабдуғалиев KMG Kashagan B.V. компаниясы бас директорының коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Petrocouncil.kz.

Еркін Қабдуғалиев Стамбул техникалық университетін «Мұнай және газ инженері» мамандығы бойынша, сондай-ақ Халықаралық бизнес академиясын «Корпоративтік менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2001 жылы «Сенімді Құрылыс» ЖШС-де жабдықтау және логистика бөлімінің сарапшысы болып бастаған.

Мансап жолы:

  • 2003–2012 жж. — «ҚазМұнайГаз» Сауда үйі» АҚ маркетинг және трансферттік баға белгілеу секторының меңгерушісі, кейін «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ мұнай экспорты бөлімінің бастығы.

  • 2012–2015 жж. — KMG Kashagan B.V. тасымалдау және маркетинг департаментінің директоры.

  • 2015–2021 жж. — KMG Kashagan B.V. бас директорының коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары.

  • 2022–2026 жж. — Қашаған операторы — NCOC компаниясында стратегиялық жоспарлау және бизнесті дамыту жөніндегі директордың орынбасары.

Бүгін, 12:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.