Атырау, 19 тамыз 11:59
 дождьВ Атырау +22.5
$ 460.13
€ 532.60
₽ 5.42

Алматыда полиция адам өліміне әкеп соқтырған ЖКО-дан кейін ХҚКО жүргізушісін ұстады

61 рет қаралды
ЖИ көмегімен жасалған сурет
ЖИ көмегімен жасалған сурет

Алматы облысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметтік көлігінің қатысуымен адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы болды. Жүргізуші 77 жастағы әйелді қағып кетіп, оқиға орнынан бой тасалаған, деп хабарлайды zakon.kz.

Қайғылы оқиға 11 тамыз күні кешке Алматы – Шелек – Қорғас – Байсейіт тасжолында болған. Полицияның алдын ала мәліметінше, Kia Sorento жол талғамайтын көлігінің 26 жастағы жүргізушісі белгіленбейтін жерден өтіп бара жатқан зейнеткерді қағып кеткен. Алған жарақаттары салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмды.

Жүргізуші апат орнынан қашып кеткен, алайда көп ұзамай оның ізі анықталып, ұсталды әрі қамауға алынды.

Басшылық төңірегіндегі жанжал

Әлеуметтік желіде облыстық ХҚКО филиалының басшылығы кайғылы оқиға дерегін жасыруға тырысқаны туралы ақпарат тарады: бүлінген қызметтік көлікті бірнеше күн бойы жасырып, тіпті Астанадағы мемлекеттік корпорация басшылығына бұл туралы хабарламаған.

«Азаматтарға арналған үкімет» ЖКО дерегін растап, ішкі тексеру жүргізді.

«Қызметтік көлікке тиісті бақылау жасамағаны және ақпаратты дұрыс ұсынбағаны үшін филиал директоры мен оның орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды», — деп хабарлады мемлекеттік корпорацияда.

Жүргізушінің өзіне қатысты қылмыстық тергеу жүргізіліп жатыр. Оның кінәсінің дәрежесі мен жазаны сот белгілейді.

Бүгін, 10:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.