
ІІМ Криминалдық полиция қызметкерлері осыдан 21 жыл бұрын Астанада жасалған адам өлімін ашты. Күдіктілер Павлодар облысында ұсталды.
Зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті елорда шетінен 2005 жылдың маусым айында табылған болатын. Ол кезде қылмысты ыстық ізбен ашу мүмкін болмады — тергеуде тікелей айғақтар болмаған еді.
Мұрағаттағы бұл қылмыстық іске биыл қайта оралды. Полицейлер оқиға желісін қайта қалпына келтіріп, кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізді және дәлелдемелік базаны жинақтады.
Нәтижесінде жедел уәкілдер Павлодар облысының екі тұрғынына шықты. Тамыз айында олар ұсталды.
«Ұсталғандар кінәсін толық мойындап, жауап берді. Қылмыстың арақ ішіп отырған кезде шыққан жанжал салдарынан болғаны анықталды», — деп хабарлады ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.
Екі күдікті де қамауға алынды, тергеу амалдары жалғасып жатыр. Ведомство өкілдері өткен жылдардағы қылмыстарды ашу ІІМ-нің ерекше бақылауында екенін баса айтты.
В Атырау +22.5