Атырау, 19 тамыз 10:51
 дождьВ Атырау +22.5
$ 460.13
€ 532.60
₽ 5.42

Солтүстік Аралға су жіберу көлемін 10 есеге ұлғайту жоспарланды

78 рет қаралды

Сурет: gov.kz
Сурет: gov.kz

Өткен жылдың қазан айынан бері Сырдария өзені арқылы Солтүстік Арал теңізіне 1,2 миллиард текше метрге жуық су түсті.

Ведомство мәліметінше, қазіргі вегетациялық кезеңде теңізге секундына 14 текше метр су келіп жатыр. Дегенмен маусым соңына дейін бұл көрсеткішті біртіндеп секундына 100–150 текше метрге дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Бүгінде Солтүстік Аралдағы су көлемі 23,4 млрд текше метр.

Министрліктен түсіндіргендей, тұрақты су ағынына су қоймасын (немесе көлді) сақтауға бағытталған кешенді шаралардың арқасында қол жеткізілді.

«Солтүстік Аралды сақтау мақсатында министрлік бірқатар жобаны жүзеге асырып жатыр. Оның ішінде Сырдария өзені бассейніндегі суды есепке алуды автоматтандыру және гидротехникалық нысандарды реконструкциялау жұмыстары бар. Сонымен қатар көршілес мемлекеттермен өзара іс-қимыл да күшейтіліп жатыр. Мәселен, былтыр Өзбекстан Республикасымен трансшекаралық су нысандарын бірлесіп басқару және ұтымды пайдалану туралы келісімге қол қойылды. Бұл – он жылға созылған келіссөздер процесінің нәтижесі», – деді Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.
Бүгін, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.