Атырау, 6 қазан 18:41
 дождьВ Атырау +18.8
$ 454.98
€ 509.53
₽ 5.37

Науқас әйел Құрманғазыдан Атырауға тікұшақпен жеткізілді

488 рет қаралды
Видеодан алынған стоп-кадр
Видеодан алынған стоп-кадр

Медициналық көмекке мұқтаж болған 1966 жылы туған науқас әйел санитарлық авиация тікұшағымен Құрманғазы ауылынан Атырауға шұғыл түрде жеткізілді.

Шұғыл рейсті орындауға ҚР ТЖМ «Қазавиаспас» АҚ экипажы мен санитарлық авиация мамандары тартылды.

Ұшу штаттық режимде өтті. Атырау қаласына келгеннен кейін науқас одан әрі қажетті медициналық көмек көрсету үшін медициналық мекеме мамандарына тапсырылды.

2026 жылдың алғашқы алты айында медициналық авиация Атырау облысында 130 шұғыл шақыруды орындап, 134 науқасға көмек көрсетті.


18 тамыз, 17:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.