Атырау, 7 тамыз 12:16
 дождьВ Атырау +29.2
$ 467.48
€ 539.52
₽ 5.73

​Атырау облысында құрылыс саласының үздік қызметкерлері марапатталды​

Сурет
86 рет қаралды

Атырау облысында құрылыс саласының 28 қызметкері кәсіби мерекелеріне орай ведомстволық және өңірлік марапаттарға ие болды.

Құрылысшылар күніне арналған салтанатты шара Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театрында өтті. Сала өкілдерін облыс әкімі Болат Ақшолақов құттықтады.

Өңір басшысы өңірде әлеуметтік инфрақұрылым белсенді дамып, білім, медицина, мәдениет және спорт нысандары, тұрғын үйлер қарқынды салынып жатқанын атап өтті.

– Сіздер өңірдің дамуына тікелей байланысты жасампаздықтың алғы шебіндесіздер. Баршаңызға мықты денсаулық, бақ-береке және кәсіби жетістіктер тілеймін, – деді Болат Ақшолақов.

Қажырлы еңбегімен көзге түскен 28 қызметкер ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Қазақстан құрылысшылар одағы және облыс әкімі атынан берілген марапаттарға ие болды.

Мерекелік іс-шара жергілікті әртістердің, “Gazhap Band” мен “Заман” топтарының қатысуымен өткен концертпен қорытындыланды.


Бүгін, 09:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.