
Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов “Өркен” және “Нұрсая” ықшамаудандарында салынып жатқан екі емхананың құрылысын аралап, жағдайымен танысты.
Әр нысан бір ауысымда 250 адамды қабылдауға мүмкіндік береді, кеңес-диагностикалық блоктар, зертханалар, күндізгі стационар, профилактика және оңалту бөлімшелері, компьютерлік томография мен сәулелі диагностика кабинеттерімен жабдықталмақ.
“Өркен” ықшамауданындағы емхана 70 пайызға дайын, ол пайдалануға берілген соң “Өркен”, “Балауса” шағынаудандары мен Еркінқала ауылының тұрғындарына қызмет көрсетеді. Ал “Нұрсая” ықшамауданындағы №5 емхананың дайындығы 90 пайызға жеткен, ол шамамен 30 мың тұрғынға қызмет көрсетпек.
Құрылыс барысында жерасты суларының деңгейі жоғары екені анықталып, мерзім өзгертілген. Жобалық шешімдер қайта қаралып, алаңдарды құрғатуға инелі сүзгі технологиясы қолданылған.
Әкім екі нысанды да биылғы қазанның соңына дейін аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар, медициналық мекемелерді пайдалануға берген бойда пациенттерді қабылдауды бастау үшін лицензиялар мен рұқсат құжаттарын алдын ала рәсімдеуді міндеттеді.
В Атырау +32.5 





