
2026 жылғы шілдеде Enbek.kz Электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер 104,6 мың бос орын жарияласа, жұмыс іздеушілер 141,2 мың түйіндеме орналастырды. Маусыммен салыстырғанда сұраныс 3,8%-ға азайып, ұсыныс (түйіндеме) 11,5%-ға өскен.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл өзгерісті жаз айларындағы еңбек нарығының маусымдық ерекшелігімен, әсіресе оқу орындары түлектерінің нарыққа белсенді шығуымен түсіндіреді.
Кадрларға ең жоғары сұраныс қай салаларда?
Шілде айында жұмыс күшіне ең жоғары сұраныс білім беру саласында тіркелді — 23,4 мың бос орын. Бұдан бөлек топ басында:
- Өзге қызметтер көрсету — 16 мың;
- Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер — 10,3 мың;
- Ауыл, орман және балық шаруашылығы — 8,2 мың;
- Өңдеу өнеркәсібі — 6,8 мың;
- Құрылыс саласы — 5,7 мың.
Өңірлік көшбасшылар: Ең көп вакансия Астана қаласында (8,8 мың), Түркістан (7,6 мың), Павлодар (7,1 мың) облыстарында, Алматы қаласында (7 мың) және Ақмола облысында (6,9 мың) жарияланды.
Сұраныстың басым бөлігі — 38,8%-ы орта деңгейдегі мамандарға тиесілі. Төмен біліктілік талап етілетін орындар 30,7%-ды, ал жоғары білікті мамандар үлесі 30,5%-ды құрады.
Жұмыс іздеушілер портреті: Жастар үлесі басым
Шілдеде жарияланған 141,2 мың түйіндеменің 54%-ын 35 жасқа дейінгі азаматтар орналастырған.
- Жас мөлшері: 35–44 жас — 25%, 45–54 жас — 14%, 55 жастан асқандар — 7%.
- Гендерлік құрам: түйіндемелердің 57%-ы әйелдерге, 43%-ы ерлерге тиесілі.
Жұмыс күші ұсынысының біліктілік деңгейі сұранысқа толық сәйкес келеді: орта және жоғары білікті мамандар үлесі — 38%-дан болса, төмен білікті жұмыс іздеушілер — 24%.
Ең жоғары жалақы ұсыныстары мен үміттері
Жұмыс берушілер ұсынған ең жоғары жалақы:
- Бағдарламалық қамтамасыз ету архитекторы — шамамен 1,12 млн теңге;
- Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инженер-инспектор — шамамен 0,91 млн теңге;
- Маркетинг және өнімді өткізу бөлімі бастығының орынбасары — шамамен 0,90 млн теңге.
Жұмыс іздеушілердің ең жоғары жалақы күткендері:
- Ұшқыштар — шамамен 2,39 млн теңге;
- Стюардессалар — шамамен 1,43 млн теңге;
- Электр станциясының бастығы лауазымына үміткерлер — шамамен 1,32 млн теңге.
Жалпы, 2026 жылдың басынан бері Enbek.kz платформасында 709 мың бос жұмыс орны мен 877,2 мың түйіндеме жарияланған.
В Атырау +34