
Кассациялық сатыдағы сот есірткінің заңсыз айналымы туралы іс бойынша жеті жылға сотталған Алматы облысыныңтұрғынына қатысты сот актілерінің күшін жойды.
Бұған сотталушының соңғы сөз айту құқығының бұзылуы себеп болған.
Ер адам есірткі құралдарының заңсыз айналымы үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Апелляциялық сотпен үкім өзгеріссіз қалдырылған.
Істі зерделеу барысында Бас прокуратура сотталушының қорғану құқығы елеулі түрде бұзылғанын анықтады. Денсаулық жағдайының нашарлауына байланысты сотталушы сот жарыссөзіне қатыса алмай, соңғы сөз айту құқығын пайдалана алмаған.
Бас прокуратура атап өткендей, сотталушының сот жарыссөзіне қатысу және соңғы сөз айту құқығы әділ сот талқылауының міндетті кепілдігі.
В Атырау +34