
6 тамызда қабылданған шешімге сәйкес, Сыртқы істер министрлігі енді Сыртқы істер және сыртқы сауда министрлігі деп аталмақ, деп хабарлады Коммерсанть.
Жоғары технологиялық өнеркәсіп министрлігі Жоғары технологиялық өнеркәсіп және жасанды интеллект министрлігіне айналады. Ал Еңбек және әлеуметтік мәселелер министрлігі Еңбек және әл-ауқат министрлігі болып өзгереді.
Үкімет бұл өзгерістерді мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және атқарушы билік құрылымын қазіргі заман талаптарына бейімдеу мақсатында енгізіп отыр.
Жаңа атаулармен бірге қосымша міндеттер де жүктелмек: Сыртқы істер министрлігі сыртқы саудаға қолдау көрсетіп, армян өнімдерінің шетелдік нарықтарға шығуына және инвестиция тартуға ықпал ететін болады.
Жоғары технологиялық өнеркәсіп министрлігі жасанды интеллект пен бұлтты қызметтер саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыруға жауапты болады.
В Атырау +33.3