Атырау, 6 тамыз 13:29
 дождьВ Атырау +29
$ 469.85
€ 542.16
₽ 5.78

Иран: Ұлттық мұнай компаниясының есепшоттары бұғатталды!

94 рет қаралды

Иранның Мемлекеттік өнеркәсіп және тау-кен банкі Ұлттық мұнай компаниясының есепшоттарын қарыздарына байланысты бұғаттады, деп хабарлайды АА. 

Бұл туралы жартылай ресми «Фарс» ақпарат агенттігі хабарлады.

Банк қарыздың нақты сомасы мен бұғатталған қаражат көлемін жариялаған жоқ. Дегенмен шешім компанияның кейбір қарыздарын 2027 жылдың наурызына дейін өтеуді кейінге қалдыруға мүмкіндік беретін ережелерге қарамастан қабылданған.

Ұлттық мұнай компаниясы – Иранның мұнай-газ саласындағы басты мемлекеттік кәсіпорын. Ол АҚШ-тың біржақты санкциялар тізіміне толық енгізілген.

Бұл жағдай елдің негізгі табыс көзі саналатын мұнай және газ секторына қосымша қысым түсіріп отыр.

Бүгін, 12:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.