Атырау, 6 тамыз 11:37
 дождьВ Атырау +22.5
$ 469.85
€ 542.16
₽ 5.78

​«Павлодар өзен порты» Атырауда кезекті миллиардтық жобаны жеңіп алды

83 рет қаралды

Компания екі жыл ішінде Махамбет ауданының Бейбарыс ауылында Жайық өзенінің жағасын бекітуі тиіс.

3,9 млрд теңге сомасындағы жұмыстардың тапсырыс берушісі — Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі. Конкурсқа әртүрлі компаниялардан алты өтінім түсіп, оларды қарау нәтижесі бойынша таяуда «Павлодар өзен порты» АҚ жеңімпаз болып жарияланды.

ҚР мемлекеттік сатып алу сайтында орналастырылған тендерлік құжаттамадан көрінгендей, жұмыстарды жүргізу қажеттілігі жағалаудың жыл сайын шайылуынан және соның салдарынан өзен арнасының Бейбарыс ауылына қарай ығысуынан туындап отыр. Қазіргі уақытта жағалаудан елді мекенге дейінгі ең төменгі арақашықтық бар-жоғы 130 метрді құрайды.

Жобада оң жағалаудың 1 789 метрін бетонмен қаптау және орындықтармен, қоқыс жәшіктерімен, көгалдандырумен және жарықтандырумен жабдықталған жайлы жаяу жүргіншілер жолын салу көзделген. Құрылыстың ұзақтығы — екі жыл. Жобаның іске асырылуын техникалық қадағалау тендерін 95,5 млн теңге сомасымен «Building Control» ЖШС жеңіп алды.

Атырау облысында «Павлодар өзен порты» он жылдай уақыт бойы ірі, соның ішінде көпмиллиардтық тендерлерді ұтып келеді: олардың қатарында канализациялық-тазарту құрылыстарын салу/қайта жаңарту, Жайық пен Қиғаштың түбін тереңдету, Сасық сай (Тухлая балка) мен «Квадратты» тазарту жұмыстары бар. Компания жапон инвесторлары Атыраудан кеткеннен кейін бұл жұмыстарды меңгеріп, дәл осы Махамбет ауданының аумағында жағалауды бекіту жұмыстарын жүргізу тәжірибесіне ие болған еді.

Лев ГУЗИКОВ

ЖИ көмегімен жасалған сурет

Бүгін, 10:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.