Атырау, 6 қазан 20:06
 дождьВ Атырау +18.8
$ 454.98
€ 509.53
₽ 5.37

«Байқоңырдан үш ғарышкері бар «Союз МС-29» ұшырылды

437 рет қаралды

14 шілде, сейсенбі күні Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз-2.1а» зымыран-тасығышы «Союз МС-29» транспорттық пилотталған кемесімен бірге ұшырылды.

Бұл туралы «Роскосмос» хабарлады.

Агенттік деректеріне сәйкес, зымыран Мәскеу уақытымен 17:48-де Байқоңырдың 31-ші алаңынан ұшырылды. Кемеде «Роскосмос» ғарышкерлері Петр Дубров пен Анна Кикина, сондай-ақ NASA астронавты Анил Менон бар.

«Союз МС-29» кемесінің Халықаралық ғарыш станциясының (ХҒС) ресейлік сегментіндегі «Причал» модуліне түйісуі Мәскеу уақытымен 20:56-да (GMT+3) жүзеге асады.

Пилотталған кеменің ұшуы аса жылдам екі витоктық жақындау схемасы бойынша өтеді және шамамен 3 сағат 8 минутқа созылады.

Кеме орбитада 261 тәулік болады.

15 шілде, 13:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.