
Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына Binom School оқушысына жасалған шабуылға қатысты қылмыстық іс түсті. Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын.
Айыпталушы - 9-сыныпта оқитын 15 жастағы жасөспірім. Тергеу оған ҚР ҚК‑нің 24-бабының 3-бөлігі және 99-бабының 3-бөлігі бойынша («Кәмелетке толмағанды бұзақылық ниетпен өлтіруге оқталу») айып тақты. Бұл — Қылмыстық кодекстегі ең ауыр баптардың бірі.
Істі судья Зарема Хамидуллина қарайды.
Сот барысында көптомдық қылмыстық істің материалдары зерттеліп, жәбірленуші тарап, куәгерлер мен сарапшылардан жауап алынбақ.
Еске салсақ, оқиға Binom мектебінде болған және қоғамда кең талқылауға себеп болған. Тергеу аяқталғаннан кейін іс сотқа жолданды.
Айгүл МАНСУРОВА
В Атырау +31.6