
Полицияның баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін, 13 наурыз күні Д.Қонаев атындағы Binom мектебінде болған.
Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы келді.
Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен оқушыға дер кезінде медициналық көмек көрсетілгенін хабарлады. Алғашқы тексеруден және шұғыл көмек көрсетілгеннен кейін ол әрі қарай бақылау және ем алу үшін облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
Пациенттің жағдайы орташа ауырлықта, тұрақты деп бағалануда. Ол дәрігерлердің тұрақты бақылауында және қажетті медициналық көмекті толық көлемде алып жатыр.
Күдікті ұсталып, ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізілді.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қажетті тергеу амалдарын жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Сонымен қатар жасөспірімнің ата-анасы бала тәрбиесіне тиісінше көңіл бөлмегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.
В Атырау -10