
Беларусь президенті Александр Лукашенко ЕАЭО саммитінде сөйлеген сөзінде Армения халқын даму жолын таңдауда сақ болуға үндеді. Ол Украинадағы оқиғаларды мысалға келтіріп, асығыс шешім қабылдамауға кеңес берді, деп хабарлайды INTERFAX.RU.
«Армяндар өте сақ болуы керек, құдай сақтасын, Украинада болған жағдайды қайталамасын... Олар соғыстан енді ғана шықты, ауыр жағдайға тап болмауы тиіс. Асықпай, ойланып, дана халық ретінде шешім қабылдауы қажет», – деді Лукашенко.
Президенттің айтуынша, Арменияның ЕАЭО-дан алыстап, Еуроодақпен жақындасуға ұмтылысы ұйымды менсінбеушілікке әкелуі мүмкін. Ол бұл әрекеттерді елдегі алдағы сайлаумен байланыстырып, «саяси ойын» деп атады.
Лукашенко сондай-ақ Батыс елдерінің уәделерін сынға алып, ЕАЭО мүшелері Арменияның қазіргі ұстанымына бірауыздан қарсы екенін жеткізді.
В Атырау +20