Атырау, 1 маусым 13:39
 дождьВ Атырау +17.1
$ 485.95
€ 565.74
₽ 6.83

​WSJ: БҰҰ қаржылық күйреудің алдында тұр

94 рет қаралды

The Wall Street Journal дерегінше, БҰҰ негізгі донорлары — АҚШ пен Қытайдан түсетін төлемдердің тоқтауына байланысты банкроттық шегіне жетті, деп хабарлайды BFM.ru.

  • АҚШ миллиардтаған доллар төлемеген және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) секілді ондаған бағдарламадан шыққан. Вашингтонның қарызы 4 млрд доллардан асады.
  • Қытай өзін ұйымның басты қорғаушысы деп атағанымен, төлемдерді кешіктіріп отыр. Қазіргі қарызы — 445 млн доллар.

Осыған байланысты БҰҰ шығындарды қысқартуға мәжбүр болды: бірқатар кеңселер жабылды, хатшылықтағы 3 мың қызмет орны қысқартылды, аудармашылардың жұмыс уақыты азайтылды. Тіпті штаб-пәтердегі эскалаторлар тоқтатылып, ғимараттағы техникалық мәселелер ескерусіз қалдырылған.

Жалпы ұйымның базалық шығындарының 42%-ы АҚШ пен Қытайдың төлемдеріне тәуелді. Ал Еуропадағы дәстүрлі донорлар — Ұлыбритания, Германия, Швеция және Нидерланд — өздерінің экономикалық саясаттарына байланысты гуманитарлық бағдарламаларға бөлінетін қаржыны азайтып жатыр.

Қазір БҰҰ қарыз ала алмайды, ал басқару құрылымының қызметкерлерді қысқартуға немесе қызметті қайта құрылымдауға өкілеттігі шектеулі.

Бүгін, 12:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.