
Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) түсіндіруінше, ерлі-зайыптылар арасындағы ірі көлемдегі тұрақты аударымдар салық органдары тарапынан күдік тудырмайды, деп хабарлайды Uchet.kz.
МКК ережелері бойынша:
- Сома маңызды емес. Жұбайлар бір-біріне кез келген көлемде ақша жібере алады — миллион болсын, он миллион болсын, бұл бақылау сүзгілеріне әсер етпейді.
- Тұрақтылық та есепке алынбайды. Ай сайынғы аударымдар (балабақша, ипотека, жалдау ақысы, азық-түлік үшін) тексеруге себеп болмайды.
- Негізгі критерий. Салық органдары тек үш ай қатарынан 100 және одан көп түрлі тұлғадан ақша түскен жағдайда ғана назар аударады.
«Бұл жағдайда сіз бір ғана жеке тұлға ретінде жұбайыңызға ақша аударып отырсыз. Сомаға қарамастан, ол бақылау критерийіне түспейді», — деп түсіндірді МКК өкілі Дина Құсайынова.
Ведомствоның айтуынша, отбасылық аударымдар кәсіпкерлік қызметке қатысы жоқ болғандықтан, тәуекел аймағынан толықтай шығарылған.
В Атырау +17.1