
Юньнань провинциясында заңсыз пайдаланылған шахтада апат болды, деп хабарлайды АА.
«Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, Хуцзе уезіндегі ауылда орналасқан шахтаның түнде опырылғаны тіркелген.
Оқиға кезінде шахтада алты адам болған: олардың бесеуі қаза тауып, біреуі жарақат алды. Жараланған адам ауруханаға жеткізілді, оның өміріне қауіп жоқ.
Апат орнына төтенше жағдай қызметтері, қоғамдық қауіпсіздік бөлімдері, өрт сөндірушілер және дәрігерлер жұмылдырылды.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізілуде.
В Атырау +17.1