
Альфия Тілекқабыл Астанада өткен IBSA Judo Grand Prix Astana 2026 халықаралық турнирінде қола медаль жеңіп алды. Жарыс Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында ұйымдастырылды.
Ол J1 санатындағы 52 келіге дейінгі салмақта, көру қабілетін толық жоғалтқан спортшылар арасында өнер көрсетті.
Турнирге 20-дан астам елдің парадзюдошылары қатысты. Бұл жарыс IBSA-ның ресми халықаралық күнтізбесіне енген және Паралимпиада ойындарына іріктеу кезеңінің бөлігі болып табылады.
Альфия Тілекқабыл бұған дейін Азия чемпионы атанып, Қазақстан кубогын үш рет жеңіп алған болатын.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
В Атырау +29.4