Атырау, 14 мамыр 19:40
 дождьВ Атырау +30.6
$ 467.63
€ 547.69
₽ 6.36

Украинада Ермак екі айға қамауға алынды

58 рет қаралды

Украинаның Жоғарғы антикоррупциялық соты бұрынғы Президент Офисінің басшысы Андрей Ермакты екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды. Ол элиталық тұрғын үй құрылысы арқылы ақша жымқыру ісі бойынша айыпталып отыр, деп хабарлайды BBC.

Ермакқа 140 млн гривен (шамамен 3,2 млн доллар) көлемінде кепіл белгіленді. Егер кепіл төленсе, ол Киевтен шықпауға, шетелдік паспорттарын тапсыруға және іс бойынша басқа фигуранттармен байланыс жасамауға міндеттеледі. 

Прокуратура бастапқыда 180 млн гривен кепіл сұраған. 

Ермак айыптауларды толық жоққа шығарып, «менде ондай ақша жоқ, бірақ достарым көмектесуі мүмкін» деп мәлімдеді.

Тергеу деректеріне сәйкес, Ермак пен бірқатар бизнесмендер мен саясаткерлер 2021–2025 жылдары заңсыз қаражатты Киев маңындағы «Династия» коттедж қалашығында төрт резиденция салуға бағыттаған. Ермак сол үйлердің бірінің иесі болуы тиіс болған.

Қорғау тарапы сот шешіміне бес күн ішінде апелляция бере алады. Толық мәтін 18 мамырда жариялануы күтіледі.

Еске салсақ, Ермак қараша айында «Энергоатом» компаниясына қатысты коррупциялық жанжал кезінде қызметінен босатылған болатын. Ол Зеленскийдің ең жақын серіктестерінің бірі саналған.

Бүгін, 18:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.