Атырау, 5 мамыр 15:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 464.53
€ 543.73
₽ 6.15

​Қытайдағы фейерверк зауытындағы жарылыстан 21 адам қаза тапты

101 рет қаралды
Люянь қаласы Қытайдың Хунань провинциясында фейерверк өндірісі
Люяньдағы фейерверк өндірісі. Yang Huafeng/China News Service/VCG via Getty Images

Қытайдың Хунань провинциясындағы Люян қаласында фейерверк шығаратын зауытта ірі жарылыс болды, деп хабарлайды INTERFAX.

Мемлекеттік БАҚ-тың хабарлауынша, апат салдарынан кемінде 21 адам қаза тауып, тағы 61 адам жарақат алған.

Жарылыс дүйсенбі күні сағат 16:40-та (Мәскеу уақытымен 11:40) орын алған. Оқиға орнына шамамен 500 құтқарушы жұмылдырылды.

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин із-түзсіз жоғалғандарды табу және зардап шеккендерге көмек көрсету үшін барлық күшті жұмылдыруды тапсырды. Ол сондай-ақ апаттың салдарын жою, себептерін жедел тергеу және кінәлілерді жауапқа тарту қажеттігін атап өтті.

Си Цзиньпин бұл қайғылы оқиғадан барлық аймақтар мен ведомстволар сабақ алып, өндірістік қауіпсіздікке бақылауды күшейтуі тиіс екенін қадап айтты.

Қазіргі уақытта жарылыстың себебі анықталып жатыр, ал компания басшылығына қатысты бақылау шаралары қабылданғаны хабарланды.

Бүгін, 14:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.