Атырау, 30 сәуір 17:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 461.55
€ 540.38
₽ 6.15

​Қырғызстанда экс-ҰҚМК басшысы Ташиевке билікті күшпен басып алу айыбы тағылды

113 рет қаралды

Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасына ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша айып тағылды: билікті күшпен басып алу және қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану. Бұл туралы оның адвокаты Икрамидин Айткулов Kaktus.Media басылымына хабарлады, деп жазады BBC.

Ташиев қазір елден шығуға тыйым салынған жағдайда жүр. Істі Қырғызстанның Ішкі істер министрлігі тергеп жатыр. 

29 сәуірде ол екі рет тергеуге шақырылып, екінші тергеуден кейін айып тағылғаны ресми түрде расталды.

Саясаткер өзінің кінәсіз екенін айтып, сот әділ шешім шығаратынына сенім білдірді. Ол жақтастарын заң аясында әрекет етуге шақырды.

57 жастағы Ташиев президент Садыр Жапаровтың ең жақын серіктесі саналған. 2020 жылы Жапаров билікке келген соң ол ҰҚМК басшысы әрі премьер-министрдің орынбасары болды. Бұған дейін екеуі оппозиция қатарында жүріп, билікті басып алуға әрекет жасады деген істер бойынша бірге қамауда болған.

Соңғы айларда Ташиевтің қызметтен кетуі мен оған тағылған айыптар Қырғызстандағы саяси жағдайға айтарлықтай ықпал етті. Сонымен қатар оның отбасы да коррупциялық іс бойынша тергеуге тартылып отыр.

Бүгін, 16:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.