Атырау, 27 сәуір 13:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14

​БАҚ: Мали қорғаныс министрі қаза тапты

113 рет қаралды

Мали қорғаныс және ардагерлер істері министрі Садио Камараның қаза тапқаны жөнінде жергілікті БАҚ хабарлады, деп жазады АА.

Алдын ала мәліметке сәйкес, ол 25 сәуір күні Бамако маңындағы Кати әскери базасындағы резиденциясы жанында жарылғыш зат тиелген жүк көлігі жарылған кезде көз жұмған.

Бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ. Бұған дейін Мали билігі Камараның содырлар шабуылынан аман қалғанын мәлімдеген болатын.

Шабуылды «Джамаат-нусра аль-Ислам ва аль-Муслимин» (JNIM) және «Фронт освобождения Азавада» (FLA) атты қарулы топтар жасаған болуы мүмкін деген болжам айтылуда. Құқық қорғау органдары оқиғаға қатысты тергеуді жалғастырып жатыр.

Бүгін, 12:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.