
Израиль Қорғаныс министрлігі авиациялық оқ-дәрілерді сатып алу үшін жергілікті Elbit Systems компаниясымен 200 млн доллар (600 млн шекель) көлеміндегі келісімге қол қойды, деп хабарлайды АА.
Ведомствоның жазбаша мәлімдемесінде келісімнің мақсаты — қысқа мерзімді әскери сценарийлерге дайындықты күшейту екені айтылған.
Қаңтар айында да осы компаниямен 183 млн доллар көлемінде ұқсас келісім жасалған болатын.
Бұл келісім Израильдің қорғаныс қабілетін арттыруға және аймақтағы шиеленіс жағдайында жедел әрекет етуге бағытталған.
В Атырау -10