
Қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Еркеназ Қалижан 11 миллион теңгеден астам қаржы — бір реттік төлем екенін және ол тұрақты шығындарға жатпайтынын нақтылады.
«Бұл қаражат жыл сайын бөлінетін тұрақты шығын емес, тек аталған келісімшарт аясында бір рет төленген», — дейді ол.
Әкімдіктегілер ғимаратты күтіп ұстауға арналған сатып алу жүйелі түрде өткізілмейтінән мәлімдеді.
«Бұдан кейін қосымша сатып алу рәсімі жүргізілмейді», — дейді баспасөз қызметі.
Келісімшарт Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 16-бабы, 3-тармағы, 38-тармақшасына сәйкес конкурссыз, тікелей шарт жасасу арқылы рәсімделген.
Ведомства мәліметінше, «Арыстанғалиева» ЖК коммерциялық ұсыныстардың ішінде ең төмен баға ұсынуына байланысты таңдалған. Нысанда бұрын бейнебақылау жүйесі болмағандықтан, оны орнату қажеттілігі туындаған. Осы негізде бір көзден сатып алу тәсілі қолданылған.
Әкімдік жұмыстар толық орындалғаннан кейін ғана қаражат толық көлемде бір реттік төлем ретінде аударылғанын нақтылады.
Айнұр САПАРОВА
В Атырау -10