Атырау, 20 сәуір 15:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 469.52
€ 553.75
₽ 6.15

Трамп Иран кемесінің ұсталғанын мәлімдеді

109 рет қаралды

20 сәуірде АҚШ президенті Дональд Трамп әлеуметтік желі Truth Social-да Иран жүк кемесі АҚШ-тың теңіз блокадасын бұзып өтпек болғанын хабарлады, деп жазады АА.

Оның айтуынша, TOUSKA атты кеме Оман шығанағында АҚШ әскери-теңіз күштерінің USS Spruance зымыранды эсминці тарапынан тоқтатылған. Әскерилер ескерту жасағанымен, ирандық экипаж бағынудан бас тартқан. Нәтижесінде кеменің машиналық бөліміне соққы жасалып, ол АҚШ теңіз жаяу әскерлерінің бақылауына алынған.

Трамптың сөзінше, TOUSKA бұған дейін заңсыз әрекеттерге байланысты АҚШ Қаржы министрлігінің санкциясына іліккен. Қазір кеме толық бақылауда, ал оның бортындағы жүктің мазмұны тексерілуде.

Бүгін, 14:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.