
Әскери-саяси кабинет бірнеше сағатқа созылған отырысты шешімсіз аяқтады, деп хабарлайды INTERFAX.RU.
Бұған дейін ливандық басылымдар бітімге келу мүмкіндігі туралы жазғанымен, The Jerusalem Post деректері мұндай жоспардың жоқ екенін көрсетті.
АҚШ Израильден уақытша символикалық бітім енгізуді сұраған, ал Ливан билігі бұл қадам «Хезболланы» қарусыздандыруға көмектесуі мүмкін екенін мәлімдеген. Дегенмен, кейбір израильдік министрлер атысты тоқтатуға қарсы шығып, тіпті әскери әрекеттерді күшейтуді ұсынған.
«Хезболла» өкілі Мохамуд Комати ұсыныстарды маңызды деп бағалағанымен, олардың орындалатынына сенім жоқ екенін айтты. Ал Вашингтонда өткен келіссөздерден кейін Бейрут атысты тоқтатуға және қоныс аударған азаматтарды үйлеріне қайтаруға шақырды.
В Атырау -10