Атырау, 14 сәуір 19:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 474.90
€ 555.30
₽ 6.24

Франция бұрынғы отар елдерге мәдени мұраларын қайтарады

122 рет қаралды

Франция парламенті бұрынғы отар елдерге отарлық кезеңде заңсыз әкетілген мәдени құндылықтарды қайтаруды көздейтін заңды бірауыздан қабылдады, деп хабарлайды АА.

Француз БАҚ-тарының хабарлауынша, қаңтар айының соңында Сенат мақұлдаған заң жобасы Ұлттық жиналысқа шығарылып, депутаттардың толық қолдауына ие болды.

Құжат отаршылдық дәуірінде заңсыз әкетілген тарихи артефактарды қайтаруды қарастырады. Бірқатар елдер бұл шешімді ұзақ уақыттан бері күтіп келген.

Франция президенті Эммануэль Макрон 2017 жылы қызметіне кіріскеннен кейін Буркина-Фасоға сапары барысында: «Африка елдерінің мәдени мұрасының елеулі бөлігі Францияда сақталуы жағдайын қабылдай алмаймын», – деп мәлімдеп, осы мәселені заңнамалық тұрғыда реттеу қажеттігін атап өткен еді.

Бүгін, 14:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.