Атырау, 13 сәуір 12:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 473.13
€ 554.08
₽ 6.13

Яна Легкодимованың өліміне кінәлілерді этаппен жөнелту үшін Ұлттық ұланның арнайы қарауылы сұралды

88 рет қаралды

Яна Легкодимованы өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған Алтынбек Катимов пен Ризуан Қайыржанов әлі күнге дейін Атыраудағы тергеу изоляторында отыр.

«Ақ Жайық» басылымының сауалына жауап берген Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті (ҚАЖД) сотталғандардың әлі этаппен жіберілмегенін ихабарлады.

«Өмір бойына бас бостандығынан айырылған сотталушылар қазіргі уақытта Атырау облысы бойынша ҚАЖД тергеу изоляторында қамауда. Оларды этаппен жөнелту үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының арнайы қарауылын бөлуге өтінім жіберілді», — деп мәлімдеді Атырау облысы бойынша ҚАЖД бастығы Азамат Ізтілеуов.

Оның айтуынша, арнайы қарауыл бөлінгеннен кейін сотталғандар жазасын әрі қарай өтеу орнына жөнелтіледі. Сонымен қатар, этаппен жөнелтудің нақты мерзімі әзірге белгісіз.

Бұған дейін марқұмның анасы Галина Легкодимова Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне ресми сауал жолдап, сотталғандардың қашан жаза өтеу орнына жіберілетінін түсіндіруді сұраған болатын.

Айгүл МАНСУРОВА


Бүгін, 10:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.