
Атырауда қатыгездікпен өлтірілген Яна Легкодимованың анасы Галина Легкодимова Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне ресми сауал жолдады. Ол бұл туралы «Жетінші арна» продюсеріне берген сұхбатында айтты.
Қызының өлімі үшін кінәлі деп танылған Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Катимов қашан жазасын өтеуге жіберілетіні әлі белгісіз. «Ақ Жайықтың» дерегінше, қазір екі сотталған да Атыраудағы тергеу изоляторында отыр. Бұл мекеменің жағдайы өмір бойына сотталғандар отыратын түрмеден мүлде өзгеше.
Өткен аптада сотталғандардың төтенше қауіпсіздік мекемесіне әлі жіберілмегені белгілі болып, қоғамда наразылық туғызған еді. Осыған байланысты Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті ресми түсініктеме берді.
ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті:
«Сотталғандар заңда белгіленген тәртіппен жазасын өтеу орындарына жіберіледі. Еске салсақ, Яна Легкодимова бір жылға жуық уақыт із-түзсіз жоғалғандар қатарында болды. Кейін күдікті ретінде екі ер адам ұсталып, тергеу мен сот барысында олардың кінәсі толық дәлелденді. Марқұмның денесі сегіз айдан соң табылды. Сот үкіміне сәйкес, айыпталушылар қылмыстық жазадан бөлек, 2 миллион теңге материалдық шығынды және әрқайсысы 15 миллион теңгеден моральдық өтемақыны төлеуге міндетті».
В Атырау -10