
9 сәуір күні Бразилиа қаласында мыңдаған байырғы халық өкілдері жер құқықтарын қорғау мақсатында шеруге қатысты. Бұл акция 22-ші «Еркін жер» лагерінің аясында өтті. Шараға 200-ден астам қауымдастықтан шамамен 7 мың адам жиналды, деп хабарлайды Euronews.
Негізгі колонна Эспланада бойымен Конгреске қарай жүрсе, бір бөлігі Жоғарғы сот ғимаратына бет алды. Қауымдастық көшбасшылары, соның ішінде Маринете Тукано, билікті нақты әрекетке шақырып, жерді межелеудің кешіктірілуі қауымдардың қауіпсіздігі мен конституциялық құқықтарына қатер төндіретінін айтты.
2023–2025 жылдары шамамен 20 аумақ ресми түрде мойындалғанымен, құқық қорғаушылар бұл жеткіліксіз екенін атап өтті. Аграрлық және тау-кен өнеркәсібі лоббилері жерді қорғау тетіктерін әлсіретуге тырысып, «уақытша шекара доктринасы» сияқты ережелерді алға тартуда.
Қазіргі таңда көптеген өтініштер қараусыз қалып отыр. Конгрессте талқыланып жатқан жаңа шаралар байырғы халықтардың құқықтарын қорғау жүйесін әлсіретуі мүмкін деген алаңдаушылық бар.
В Атырау -10