Атырау, 9 мамыр 21:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 461.26
€ 542.58
₽ 6.18

Дағыстан мен Шешенстанда төтенше жағдай режимі енгізілді

298 рет қаралды

Ресейдің Төтенше жағдайлар министрі Александр Куренков су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда федералдық деңгейдегі төтенше жағдай режимін жариялады. Бұл туралы ол Махачкалада өткен үкіметтік комиссия отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды АА.

Министр қысқа мерзімде тұрғын үйлерді қалпына келтіру жоспарын әзірлеуді, келтірілген шығынды толық бағалауды және халықты әлеуметтік төлемдер туралы хабардар етуді тапсырды.

Өткен демалыс күндері жауған нөсер жаңбыр Дағыстан мен Шешенстанда жаңа су тасқынын тудырды. Ең көп зардап шеккен өңірлердің қатарында Махачкала, Каспийск және Дербент ауданы бар. Геджух су қоймасының бөгеті бұзылып, үлкен апатқа әкелді. Соңғы мәлімет бойынша, алты адам қаза тапқан.

Билік органдары зардап шеккендерге көмек көрсету және инфрақұрылымды қалпына келтіру шараларын жедел қолға алуды көздеп отыр.

10 сәуір, 13:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.