
Көрнекті қазақ ақыны, жазушы және қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды.
Бұл туралы ақын атындағы қордың төрағасы Нұржігіт Ысқақ хабарлады.
Оның айтуынша, 84 жастағы қайраткердің денсаулығы күрт нашарлап кеткен. Осыған байланысты ол қазақстандықтарды ақынға қолдау көрсетіп, оның тезірек сауығып кетуі үшін тілектес болуға шақырды.
«Халқымыздың Қаһарман ақыны, әрі жазушысы, ұлт үшін жанын аямай тер төккен азаматы Мұхтар Шахановты білмейтін қазақ кем де, кем! Қазір көкеміз 84 жасқа келді. Бірақ денсаулығы сыр беріп, жансақтау бөлімінде жатыр. Ендеше, көкеміздің тез сауығып, ортамызға оралуы үшін дұға жасап қояйық», — деп жазды ол.
В Атырау -10