Атырау, 18 наурыз 19:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 479.02
€ 551.11
₽ 5.82

​«ҚазТАГ» иесіне шабуыл жасалып, басы жарылған — адвокат

66 рет қаралды

«ҚазТАГ» Қазақ телеграф агенттігінің бас директоры Әсет Матаев Алматыда бір топ адам шабуыл жасап, басынан ауыр жарақат алды.

Бұл туралы оның адвокаты Рена Керимова мәлімдеді. Қорғаушының айтуынша, Матаев қазір бұзақылық жасады деген күдікпен ұсталған, алайда оның өзі бірнеше белгісіз адамның шабуылына ұшырағанын алға тартады.

Адвокаттың хабарлауынша, түнде Матаев досымен бірге Достық даңғылындағы бардан шығып, таксиге қарай беттеген. Қорғау тарапының нұсқасы бойынша, сөзге келіп қалғаннан кейін оларға бес-алты адамнан тұратын топ (арасында қыздар да болған) шабуыл жасаған. Осыдан кейін Матаев сот-медициналық сараптамаға жеткізілген.

Адвокаттың мәліметінше, Әсет Матаевтың басы жарылған, басында ашық жара бар, маңдай қуысының сол жақ алдыңғы және төменгі қабырғасы сынған,гемосинус, маңдай тұсының сол жағында соққыдан пайда болған жара бар. Әсет қазір өзін өте нашар сезініп тұрғанын айтқан.

Сондай-ақ адвокат Керимова Алматы қаласы Медеу аудандық полиция басқармасына бірден кіре алмағанын, бірақ Матаевқа құқықтық көмек көрсету үшін оның әріптестері барғанын хабарлады.  

Бұған дейін Әсет Матаевтың Алматыдағы оқиғадан кейін ұсталғаны хабарланған болатын.

Бүгін, 18:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.