
Алматыда ҚазТАГ ақпараттық агенттігінің иесі Әсет Матаевтың ұсталғаны белгілі болды. Бұл туралы журналист Михаил Козачков хабарлады.
Оның айтуынша, Матаевқа «бұзақылық» бабы бойынша күдік келтірілген. Алдын ала деректерге сәйкес, 17 наурыз кешкісін Dostyk Plaza сауда орталығы маңында топтық төбелес болған.
Қақтығысқа қатысқандардың барлығын полиция ұстаған. Солардың арасында Әсет Матаев та болғаны айтылды. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторында екені хабарланды.
Құқық қорғау органдары ресми мәліметті әзірге жариялаған жоқ.
ҚазТАГ редакциясы жағдайға пікір білдірді:
«Әсет Матаев зардап шеккен оқиға туралы бізге белгілі. Қазіргі уақытта редакцияда болған жағдайға қатысты толық ақпарат жоқ. Біз құқық қорғау органдары мен адвокаттардан егжей-тегжейлі түсініктемелерді күтеміз және объективті тергеуге үміт артамыз. Барлық мән-жай анықталғанға дейін алдын ала тұжырымдар жасамауды сұраймыз».
В Атырау -10