Атырау, 16 наурыз 12:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10

Атыраулық хакер Түркияда ұсталды

109 рет қаралды

Атырау облысының тұрғыны, әлеуметтік желілерде «атыраулық хакер» деген атпен танымал азамат Түркияда ұсталды. Операцияны Интерпол қызметкерлері Самсун қаласында жүргізген.

Бұған дейін полиция департаменті оның бірнеше алаяқтық ісіне күдікті екенін хабарлаған. Оған қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша іс қозғалған.

Құрманғазы ауданының тұрғыны адамдарды түрлі сылтаулармен алдап келген: инвестицияға шақыру, IT саласында оқыту, аккаунттар ашып беру, ақша шығаруға көмектесу, техника сату сияқты әрекеттер арқылы азаматтардың қаржысын иемденген. Залалдың жалпы көлемі 13 миллион теңгеден асады.

Қаңтар айында Атырау қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын сырттай санкциялаған.

— Күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды. Ақпан айында ол Түркияның Самсун қаласында ұсталды. Қазір Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы оны елге қайтару (экстрадициялау) туралы өтініш дайындап жатыр, — деп хабарлады облыстық прокуратура "АЖ" сауалына.

Бұл азамат бұған дейін әлеуметтік желілерде аты шыққан. Атырау облысындағы отбасының ғайып болуы оқиғасы кезінде ол өзін «атыраулық хакермін» деп таныстырып, істі өзі зерттеп жатқанын айтқан. Жариялаған видеоларында геолокация, телефон қоңыраулары және басқа деректерді көрсеткен.

Оның роликтері Instagram желісінде тез тарап, қоғамда үлкен резонанс туғызған.

Өзі бұрын Қазақстаннан тыс жерде жүргенін, тіпті Дубайда тұратынын айтқан болатын.

Айгүл МАНСУРОВА

Бүгін, 11:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.