Атырау, 21 ақпан 15:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.66
€ 581.87
₽ 6.43

Атырауға ресейлік әскери ұшақ шұғыл қонды: егжей-тегжейі белгілі болды

114 рет қаралды

«Ақ Жайық» басылымына белгілі болғандай, 20 ақпан күні таңғы сағат 09:40 шамасында Атыраудағы Хиуаз Доспанова атындағы халықаралық әуежайға Ресей Федерациясының Су‑30 көпмақсатты әскери жойғыш ұшағы жоспардан тыс қонды.

Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақты 1986 жылы туған, Башқұртстанның Белорецк қаласының тумасы Дмитрий Нифантьев басқарған. Әуе кемесі Каспий теңізі үстінде әскери‑жаттығу ұшуын орындап жүрген. Ұшу барысында пилот бағдарын жоғалтып, Атырауға шұғыл қонуға шешім қабылданған.

Қону штаттық режимде өтті, жолаушылар мен әуежай жұмысына ешқандай қауіп төнген жоқ. Рейс кестесі өзгеріссіз орындалды. Жойғыш ұшақ жерде аз уақыт аялдап, пилотқа медициналық көмек көрсетілді.

Қажетті рәсімдер мен келісімдерден кейін ұшақ Қазақстан аумағынан шығып, Ресейге қайтып оралды.

Қазір оқиғаның мән‑жайын құзырлы органдар анықтап жатыр. Ресми толыққанды түсініктеме әзірге берілген жоқ.

Айгүл МАНСУРОВА

Бүгін, 14:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.