Атырау, 20 ақпан 20:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 489.17
€ 576.63
₽ 6.38

Атырау әуежайына әскери ұшақ қонды

127 рет қаралды
Видеодан скриншот
Видеодан скриншот

Әлеуметтік желілерде тараған фото және бейнематериалдарға қарағанда, Атырау халықаралық әуежайына екі қозғалтқышты әскери ұшақ қонған.

Кадрларда екі тік қанатты, сыртқы пішіні Су‑27/Су‑30 үлгісіндегі ұшақтарға ұқсас жауынгерлік ұшақ көрінеді. Әскери борт біраз уақыт әуежай аумағында болғаннан кейін Атыраудан ұшып кеткен. 

Қазіргі уақытта оның қай елге тиесілі екені және ұшу мақсаты туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.

Редакция Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ресми сауал жолдап, жауап күтіп отыр.

Айгүл МАНСУРОВА

Бүгін, 19:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.