Атырау, 26 қараша 08:47
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

«Атамекеннен» Ұлттық палатаға ауысты

4 760 просмотра

Асылбек ЖАКИЕВАсылбек ЖАКИЕВ8 қазанда Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы (КҰП) президиумының шешімімен Асылбек ЖАКИЕВ Атырау облысы өңірлік палатасының директоры лауазымына тағайындалды.

Ол бұған дейін «Атамекен» ҰЭКП Атырау филиалының басшысы болды (бұл лауазымға 2012 жылдың қыркүйегінде белгілі кәсіпкер Владимир ПАКТЫҢ орнына тағайындалған болатын).

Естеріңізге салсақ, КҰП 2013 жылдың 9 қыркүйегінде құрылып, президиум төрағасы боп Тимур ҚҰЛЫБАЕВ, басқарма төрағасы боп Абылай МЫРЗАХМЕТ сайланған еді. КҰП-тың негізгі қызметі – кәсіпкерлер құқығын қорғау, өңірлерде кәсіпкерлік қызметі ахуалына мониторинг жүргізу, отандық өндірісті қолдау боп табылады.

Болашақта КҰП-қа бірқатар мемлекеттік органдардың қызметтерін жүргізу құқығы беріледі деп жобаланып отыр. Атап айтқанда, оған қазіргі уақытта «Даму» қорының кәсіпкерлерге көрсетіп жатқан сервистік қызметтері, сондай-ақ, экспортты қолдау операторының қызметтері (қазіргі кезде мұнымен KazNexInvest агенттігі айналысады) және өткізу қосындарындағы кедендік инфрақұрылымды орналастыру қызметтері өтеді. 5 жылдық өтпелі кезеңнен кейін үкімет құрылтайшылар құрамынан шығады.

КҰП-ға мүше болу ақылы. Міндетті мүшелік жарналарды төлеу тәртібін үкімет белгілейді. Өтпелі кезеңде (5 жыл) шағын бизнес өкілдері мүшелік жарналардан босатылады, орта бизнес үшін жыл сайынғы жарна 360 мың теңге, ірі бизнес үшін – 3 млн 600 мың теңге мөлшерінде белгіленген.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

9 қазан 2013, 10:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.