
Тәуелсіз экологтар мен "Атырау облысы Су Арнасы" КМК арасындағы текетірес бітімгершілік келісімімен аяқталды.
Естеріңізге сала кетейік, "Глобус" экологиялық-құқықтық бастама орталығы" қоғамдық бірлестігі кәсіпорынды "Квадрат" булану алаңын пайдалану кезінде экологиялық заңнаманы бұзды деп айыптады. Атап айтқанда, сол алаңда кейбірі мұнай өнеркәсібімен байланысты әртүрлі кәсіпорындардан өнеркәсіптік ағынды суларды қабылданып жатыр деп айыптады.
Сонымен қатар, талапкердің пікірінше, КМК-да оң жағалаудағы қалдық су қоймасына кім және нені құйып жатқаны толық бақылауға алынбаған, ластаушы заттардың шығарындылары бойынша ешқандай есептеу, рұқсат етілген ағызу нормативтері және заңнамада келісілген өзге де санитариялық нормалар мен стандарттар сақталмаған.
Ал жауапкер, негізінен оң жағалаудағы кәріздік тазарту құрылыстарын қайта жаңарту және "Квадраттың" өзін тазарту бойынша ұзаққа созылған жұмыстарға сілтеме жасады. Бұл ретте кідіріс олардың кінәсінен болмағанын атап өтті.
"Квадраттың" сарқынды суларының сынамасының талдау нәтижеcі қорқышнышты болып, қала мен облыс экологиясының қарқынды түрде нашарлап бара жатқанын көрсететін басқа да деректермен қаруланған "Глобус" өкілдері бірқатар талап қойды.
Бірақ тараптар сотта көп салғаласпады. Бірнеше отырыстан кейін процесс бітімгершілік келісімімен аяқталды, оның шеңберінде:
-
"Атырау облысы Су Арнасы" су пайдаланушылардан "Квадратқа" жеткізілетін ағынды сулардың зертханалық талдауын мерзімді түрде талап етуге міндеттенді;
-
Кәсіпорын "Глобусқа" мұнай өнімдерінің, күкіртті сутегінің, сульфаттардың, хлоридтердің және басқа да химиялық заттардың бар-жоғын талдау үшін құйылар алдында кез келген уақытта және кез келген су пайдаланушыдан сынама алуға рұқсат берді. КМК сондай-ақ сынама алуға қатысу үшін қоғам өкілдерінің қасына өз өкілін қосуға міндеттенді;
-
Тараптар су пайдаланушыларының мұнай өнімдерін және басқа да зиянды заттарды құюын тоқтату мақсатында "Квадратқа" тасталатын заттарды бірлесіп мониторинг/бақылау жүргізу жоспарын жасауға келісті.
Лев ГУЗИКОВ
В Атырау -10