Атырау, 10 ақпан 12:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38

​Құлсарыда мектепте құрдастарына шабуыл жасаған оқушы сабағын жалғастырды

120 рет қаралды

Құлсарыдағы мектепте болған жанжалға байланысты тергеу әлі аяқталған жоқ. Соған қарамастан, сот үйқамақ түрінде бұлтартпау шарасын қолданған жасөспірім сабаққа қайта оралды.

Оқушының оқуын жалғастырып жатқаны туралы «Ақ Жайыққа» Атырау облысының білім басқармасы хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, жарақат алған екі оқушы әлі емделіп жатыр. Ал балта тексеру барысында табылмаған.

Сондай-ақ, жасөспірімнің ауыл арасындағы төбелеске қатысы бар-жоғы туралы ақпарат тексеріліп жатыр. Бұл эпизод бойынша әлі түпкілікті қорытынды жасалған жоқ.

— Тергеу қорытындысы бойынша түпкілікті шешім қабылданады, — деп хабарлады Атырау облысының білім басқармасының басшысы Марат Әбуов.

Басқармада нақтыланғандай, жасөспірімдер бұрын достық қарым-қатынаста болған. Соңғы уақытта олардың арасында жанжал туындаған, оның бір себебі - оқушылардың бірі ортасын өзгерткен.

Естеріңізге сала кетейік, болған жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды. Материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жіберілді. Барлық қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға тергеу қорытындысы бойынша беріледі. Сонымен қатар, аймаққа барып, мектептерді тексеруді жоспарлаған оқу-ағарту министрлігінің комиссиясы да болған оқиғаға өз бағасын бермек ниетте.  

Айгүл МАНСУРОВА

Бүгін, 09:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.