Атырау, 6 ақпан 11:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 495.10
€ 583.72
₽ 6.46

​Құлсарыда мектепте оқушысы балтамен жүгірді

150 рет қаралды

Әлеуметтік желіде осы оқиғаға қатысты видео тарап жатыр. Бұл Құлсарыдағы Пушкин атындағы №6 мектепте болған

Бейнежазбадан оқушының балта ұстап мектеп дәлізінде жүгіріп жүргенін және басқа оқушыны қуалап бара жатқанын көруге болады. Екінші бала оқу бөлмелерінің біріне тығылып үлгерген.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратта оқиғаға қатысушының 10-сынып оқушысы екені айтылып жатыр, алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Полиция мен білім беру органдары тарапынан әзірге ешқандай мәлімет берілмеді. Редакция оқиғаның мән-жайын нақтылау үшін тиісті органдарға сауал жолдады.


Бүгін, 09:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.