
Атырау қаласындағы Абай көшесінің шамамен 250 метр аумағында «Жұлдызды аспан» атты жарықшамдар орнату жұмыстары демеушінің қаржылай көмегімен жүргізіліп жатыр.
Жұмыстардың құны да белгісіз. Қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Ғасырбек Төлегеннің сөзінше, демеуші өз есімін жарияламауды жөн көрген. Жұмыс құнына қатысты ақпарат та айтылмай отыр.
Оның сөзінше, аталған жарық инсталляциясы тек жаңа жылдық безендіру мақсатында емес, жыл мезгіліне қарамастан түнгі уақытта қала келбетін көркейтіп, тұрғындар үшін жылы әрі жайлы атмосфера қалыптастыруға бағытталған заманауи шешім.
Бұған дейін қала тұрғындарының арасында жаңажылдық мереке өтіп кетті, енді бұл безендіру неге керек деген сауал туындаған болатын.
Айнұр САПАРОВА
В Атырау -10